Медицина

Сақтансаң, сақтайды

Наурыз мейрамы келе жатыр. Жыл сайын киіз үйлер тігіліп, кәсіпкерлер мерекелеу орындарында көшпелі сауда жасайтыны белгілі. Осы ретте жіті ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі туралы ұмытпау керектігін еске салды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Юрий Залыгин.

Сурет: minzdrav.med04.ru сайтынан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы жіті ішек инфекцияларын жұқтыру ықтималдығы жоғары болатынын айтты.

– Дайындалған орны белгісіз, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, майонезі көп қосылған салаттарды артығымен дайындау, кремді үй торттары және басқа да тез бұзылатын өнімдер, тамақ дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамау себептерінен жіті ішек инфекцияларын жұқтыру жағдайлары орын алады, – деді Юрий Залыгин.

Спикер қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбалау белгілері жоқ тамақ өнімдерін сатып алмауға кеңес берді. Көшедегі мерекелеу кезінде гигиенаның қарапайым ережелерін ескерген маңызды.

– Сатып алу кезінде және тамақты тұтынар алдында өнімнің жасалған күнін, сақтау шарттарын және сату мерзімін тексеріңіз, тамақ өнімдеріне арналған бір реттік ыдысты қолданыңыз. Қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз, сондай-ақ, зауыттық қаптамаға оралған балмұздақ тұтынған дұрыс, – деді спикер.

Көшпелі сауданы ұйымдастыру кезінде кәсіпкерлер сақтауы тиіс бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, өнімдер арнайы көлікпен тасымалдануы керек. Өнімді сақтау және сату кезінде тауарлық талаптарды сақтай отырып, тез бұзылатын өнімге арналған тоңазытқыш қондырғыларын қолдану. Барлық өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың, бір реттік ыдыстар, кесіп, буып-түю құралдардың, сонымен бірге, сатушының арнайы киімінің болуы маңызды. Үйде әзірленген консерві өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, маринадталған қияр, қызанақ және басқа да) сатуға және пайдалануға, сондай-ақ, тұтастығы бұзылған, қақпағы ісінген, тот басқан, деформациясы бар банка консервілерін сатуға тыйым салынған.

Стационарлық сауда нысандарында және қоғамдық орындарда санитарлық талаптарға сәйкес барлық көзделген ережелерді сақтау қажет.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button