Аймақ

«Сұнкар» стадионындағы футбол алаңына жаңа көгал төселді

Саранда «ALAÑ» футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасы аясында «Сұнкар» стадионындағы футбол алаңына жаңа көгал төселді. Қазақстан футбол федерациясы қаланың 70 жылдық мерейтойына осындай сый жасаған. Жаңа алаңның ашылу салтанаты өтіп, жас футболшыларға шеберлік сабағы өткізілді. Ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов іс-шараға арнайы қатысып, жас футболшылармен кездесті.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Қаладағы стадион төрт мың көрерменге арналған. Осы стадионды жаңғырту жұмыстары осыдан 15 жыл бұрын ғана жүргізілген. Биыл Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен күрделі жөндеу жұмыстар жүргізіліп, алаң төселген.

– Футбол алаңын ауыстыру үшін федерацияға өтініш берген болатынбыз. Нәтижесінде, өтінішіміз мақұлданып, итальяндық сападағы көгал төселді. Қазіргі уақытта осы стадиондағы футбол секциясында шамамен 300 бала бар. Федерация президентіне және қала әкімдігіне Алғыс айтамыз. Стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын да жүргізіп берді. Енді осы стадионға тек қала, облыс деңгейіндегі емес, республика деңгейіндегі көптеген турнирді өткізетін боламыз, – деді облыстық футбол ассоциациясының төрағасы Николай Бублинский.

Айта кетейік, «ALAÑ» футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасы УЕФА-ның қолдауымен іске асырылатын 2023–2025 жылдарға арналған жобасы. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында енгізілген. Қазіргі уақытта осы жоба аясында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар және Жетісу өңірі бойынша 12 футбол алаңы жаңартылған. Ал, жалпы, ел бойынша 20 футбол алаңын жаңарту көзделген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
САРАН.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button