Сән үйінің игі ісі

Қарағандыдағы «Нұрәсем» сән үйі де ортақ іске үлес қосуда. Аталған сән үйінің қызметкерлері 20 наурыздан бастап «Біз – біргеміз!» акциясы шеңберінде бетперде тігуді қолға алды.

Сән үйі қаладағы №№3, 5 емханаларды, медицина орталығын арнайы жасалған келісім-шарт негізінде күніне 2 мың бетпердемен қамтып келеді. Бүгінгі күнге дейін 30 мыңнан астам сегіз қабатты бетперде тігілген.

Сән үйінің қызметкерлері үйде отырып жұмыс істеуде. Ұжым басшысы Венера Исина әріптестерінің еңбегін жоғары бағалады.

– Тігіншілер жұмысын үйде ұйымдастырдық. Осы орайда, Үміткер Шөкеева, Шолпан Бекова, Мүгілсім Шибаева, Гүлжан Рысқұлова, Зоя Хинаят, Гүлба хила Мақсұтова, Татьяна Зайлер, Индира Серғалиева, Гүлнафия Мұрзабаева, Айнагүл Аманбаева, Сәуле Терентьева, Светлана Аманжолова мен Нәсіп Шакутова есімді қызметкерлерді ерекше атап өткім келеді. Мына сын сағатында игі істен шет қалмай, бастамамызды бір кісідей қолдап әкеткен әріптестеріме зор ризашылығымды білдіремін, – дейді Венера Исина.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.