АймақПриозерск

Сұлулық сыйлаған

Бүгінде Приозерск қаласында өз кәсібін бастауға ниеттілер жыл санап көбейіп келеді. Қала әкімінің грантын ұтып алғандар қатары да аз емес. Кәсіпкерлік бастамаларына берілетін жеңілдетілген несиеге сұраныс артқан. Кәсібін жандандырғандардың қатарында «Әлия» салонының иесі көпбалалы ана Әлия Ғалиева бар.

Әлия 2011 жылдан бері оқыту курстарынан шаш қию мен сәндеудің сырын біршама меңгеріп алған. Жеке кәсіп ашуды көздеген ол қолына қайшысы мен тарағын алып, өз күшімен 2016 жылы шаштараз ашып, тұрғындарға қызмет көрсете бастайды.

– Адам баласы іздене білсе, бәріне де қол жеткізеді екен. Өзге құрбыларым секілді «Дипломым бар, жұмыс табылады» деп босқа уақыт өткізбей, шаш сәндеу мен бет әрлеудің сан түрлі құпияларын білуге және оны пайдалануға күш салдым. «Менің де жеке салоным болса, келушілердің көңілінен шығатындай қызмет көрсетер едім» деген оймен біраз істерді жоспарлап жүретін едім. Тілегім орындалып, кәсібімді бастап кеттім. 2019 жылы бизнесімді кеңейту мақсатында қала әкімінің қайтарымсыз грантын иелендім. Бұл маған үлкен көмек болды. Сол қаржыға шаш қию мен сәндеуге арналған түрлі құралдарды сатып алдым. Шағын қала болса да, келушілер қатары мол. Қай кәсіптің иесі болсаң да, күнделікті ізденіп, жаңалықтарды біліп отыруың керек. Сонда ғана келушілердің талғамынан шығасың. Мысалы, келушілердің бет-әлпеті мен жас шамасына қарай шашын сәндей білсең, құлпырып шыға келеді. Сондай-ақ, пайдаланатын бояулардың сапасы жөнінде білгенімді айтып, күтіну жолдары туралы кеңес беремін, – дейді Әлия Ғалиева.

Приозерск қаласының тұрғындарына сұлулық сыйлап жүрген Әлияның айтар кеңесі де жеткілікті. Кәсібін кеңейтуге байланысты жоспары да айқын.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button