ЖаңалықтарСпорт

Сұлтан Зәуірбек WBA рейтингінде үздік 10 боксшының қатарына енді

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

 

Аса ауыр салмақта Иван Дычко 15-ші орнын сақтап қалды. Рейтингтің бірінші нөмірі – америкалық Деонтей Уайлдер, екіншісі – конголық Мартин Баколе, ал британдық Энтони Джошуа үздік үштікті түйіндейді. Бұл салмақта WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы – Украина өкілі Александр Усик.

Бірінші ауыр дивизионда Серік Мұсаділов те 15-ші болып қалды. WBA нұсқасы бойынша «Супер чемпион» – француз Арсен Гуламирян. Үздік үштікке кубалық Юниэль Дортикос, британдық Крис Биллам-Смит және ресейлік Алексей Егоров енді.

Бек Нұрмағанбет супер орта салмақтағы рейтингте бұрынғыша сегізінші орында тұр. Бірінші орын америкалық Деметриус Андрадеге тиесілі болса, екінші орында канадалық боксшы Эрик Базинян мен француз Кристиан Мбилли тұр. Мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBA Super титулын иеленді.

Орта санатта Геннадий Головкин енді әлем чемпионы болып саналмайды – GGG өткен айда титулдан ресми түрде бас тартты. Дивизионның жалғыз чемпионы – кубалық Эрисланди Лара болса, үздік үштікке австралиялық Майкл Зерафа, аргентиналық Серхио Мартинес және америкалық Остин Уильямс кіреді.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек Ұлыбританияда аргентиналық Факундо Арсені мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін 12-ші орыннан оныншы орынға көтерілді. Бұрынғы 13-ші орында тұрған Бекман Сойлыбаев рейтингтен шығып қалды.

Бұл салмақтағы «тұрақты» чемпион – Доминикан Республикасынан келген Эктор Луис Гарсия. Дәрежелер кестесінің бірінші нөмірі – америкалық Ламонт Роуч кіші, одан кейін Грузия өкілі Отар Эраносян және мексикалық Лео Санта Круз орналасқан.

Евгений Павлов екінші жеңіл санат рейтингінде алтыншы орында қалды. Рейтингтің бірінші позициясы Томоки Камедаға (Жапония), екінші – Кевин Гонсалеске (Мексика), үшінші – Шабаз Масудқа (Ұлыбритания) тиесілі. WBA Super чемпионы атағын өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button