Жаңалықтар

Сәкеннің саквояжы

Саран қаласында еңбек ардагері Амангелді Кейкиннің үйінде кезінде халқымыздың асыл ұлы,биыл туғанына 130 жыл толатын Сәкен Сейфуллин тұтынған саквояж сақтаулы тұр.

Суретті түсірген автор

Қызыл қоңыр теріден жасалған бұл құнды дүниені оған осыдан 22 жыл бұрын Саран қалалық сотының төрағасы болып істеп,кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған марқұм Зейнолла Мұхамедияұлы Мақашев аманаттап,тапсырып кеткен екен.Қызыл сұңқар ақын Сәкен ағамыз оның әкесі,аталас туысы Мұхамедияның үйіне бір келгенінде осы саквояжбен сәлем-сауқат алып келіп,тастап кеткен көрінеді.Содан бері оны Зейнолланың анасы қастерлеп ұстап,баласына табыстапты.Енді ол Амангелді ақсақалдың шаңырағындағы киелі затқа айналған.

Мақаланың толық нұсқасын «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы санынан толық оқи аласыздар.

Ержан Имаш

САРАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button