Бас тақырып

Сұйылтылған газ бағасы өседі

Құжатқа сәйкес осы жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасына түзету енгізу жүзеге асырылып жатыр.

Сурет kaskelen.kz

 

Сұйытылған газ өндірісінің қазіргі құны тоннасына 70-тен 80 мың теңгеге дейін, ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 51 932 теңге деңгейінде белгіленген.

Осыған байланысты, өндіруші зауыттарда жыл сайынғы жоспарлы жөндеуді жаңғырту және жүргізу үшін қаражат тапшылығы байқалған. Рентабельділік жағдайында сұйытылған газ өндірісіне деген қызығушылық азаяды, зауыттар неғұрлым үнемді өнім шығаруға ауысуды жөн көреді.

Айта кету керек, сұйытылған мұнай газын тұтыну көрсеткіші артып келеді: 2022 жылы – 1,8 млн тонна, 2024 жылы – 2,4 млн тонна.

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2025 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,6 млн тонна болды. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40% болуы мүмкін.

Бұйрық жобасына сәйкес сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 51 932 теңгеден 59 722 теңгеге дейін көтеріледі. Шекті бөлшек сауда бағасы 7-ден 10 теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл шара ішкі нарықты толыққанды қамтамасыз етуге, сондай-ақ газ өңдеуге инвестиция тарту үшін жағдай жасауға бағытталған.

Ведомствоның есебінше, республика бойынша ең төменгі газ бағасы Маңғыстауда болады (қазіргі баға – 72 теңге, көтерілгеннен кейін – 77 теңге).

Ең жоғары баға (қазіргі баға – 112 теңге, көтерілгеннен кейін – 117 теңге) Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Жетісу, Ұлытау облыстарында тіркелді.

Құжат 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button