АймақБұқар жырау

«Сөйлейтін кітап» күні өткізілді

Бұқар жырау ауданының Центральный ауылдық кітапханасында “Сөйлейтін кітап” күні өткізіліп, ол биыл 130 жасқа толған қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығына арналды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Аталған кітапхана қызметкерлері мен “ЧИТ” балалар клубы бірлесіп ұйымдастырған бұл шара “Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы” деп аталып, онда оқырмандарға жазушыға арналған көрме мен арнайы дайындалған таныстырылым (слайд-тұсаукесер) ұсынылды. Клуб мүшелері Сапарғали Бегалиннің “Соқпақ” және “Соколиная охота” сияқты балаларға арналған туындыларымен танысып, олардың мазмұны бойынша пікірталас өрбітті. Оқиғалар мен кейіпкерлердің әрекетін талқылап, өз ойларын айтты.

Шара соңында оған белсене қатысқандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button