АймақБалқаш

Сүйінші! Мектепке Ұлт көсемінің есімі берілді

Балқаш өңірінен ақжолтай хабар жетті! “Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz

Білім ошағына қазақ ұлтының көшін бастаған көсем, Алаш қайраткерінің есімін беру туралы қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойған. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Басқа материалдар

Back to top button