Сұхбаттан көп ой түйдім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Ana tili” газетіне берген сұхбатында “Бүгінгі жастар біздің жас кезімізге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Қазіргі технология дәуірінде бұл – қалыпты нәрсе. Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін” деп атап өтті.
Бүгінде облыс халқының төрттен бір бөлігін жастар құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс жастарына 133 пәтер және жастардың бизнес-идеяларын іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарынан 98,9 млн. теңге сомасына 67 грант берілді.
Жастардың қоғамдағы рөлі, өңірде олардың жан-жақты дамуы үшін білім алуына жасалып жатқан іс-шараларды атап, жастарды барынша жан-жақты қолдау керек.
Әсіресе, жастарды қолдауға арналған гранттарды бөлу барысында облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы жастарды қолдау – маңызды.
Олардың белсенді әрі шығармашыл қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау да күн тәртібінде болуы тиіс. Жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыру оларға берілген үлкен көмек.
Аяулым СОВЕТ