Жаңалықтар

Сұңғат Есімханов: АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі

Қазақстанның Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов “АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілетінін атады” деп хабарлады Үкімет. 

Сурет uralskweek.kz

– Мемлекет басшысының әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру бойынша берген тапсырмаларына сәйкес барлық жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен жанармай бағасының көтерілмеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Бүгіннен бастап мораторий жарияланады. Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар электр энергиясы, жылу саласындағы тарифтердің де көтерілмеуін қадағалаудамыз. Жұмыс бірнеше бағытта жүргізілетін болады – бұл ішкі шығындарды оңтайландыру және көмірдің тұрақты бағасын, сондай-ақ теміржол тарифтерін қамтамасыз ету. Жақын арада коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторий жарияланады. Бұның барлығы Президенттің берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асады,
— деді энергетика вице-министрі.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button