Руханият

Сұңқар Сәкеннің ескерткіші жаңартылды

Шет ауданында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің рухына құрмет көрсетіліп, бұған дейін орнатылған ескерткіші қалпына келтірілді. Сонымен қатар, ұлт перзенті туып-өскен қарашаңырағы жанындағы ескерткіш тақта да заманға сай жаңартылды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойында Қарашілік қыс­тағында ескерткіш орнатылған болатын. Жылдар өте келе ескерткіштің тозығы жеткен.

Биіктігі бір метрден асатын тұғыр толығымен ауыстырылып, үш метрге жуық жаңа тұғыр гранит таспен қапталды. Одан бөлек, ақын бюсті қола түстес реңкке боялған.

Ескерткіштің айналасы сәнделіп, маңайына қырлы тас төселіп, орындықтар, жарықтандыру тіректері және жаңа қоршау орнатылғанын айрықша атап өткен жөн.

– Сапалы материалдар пайдаланылды, күн батареяларымен қуаттанатын жарықтандыру және орындықтар орнатылды. Бұрын жазушының әке-шешесі тұрған үйдің аумағы да абаттандырылды. Қазір онда үйдің тек іргетасы ғана қалған. Енді тозған тұсы қайтадан құйылып, әктелді. Үйдің жанындағы мемориалдық тақта да жаңартылды, – деді Ортау ауылдық округінің әкімі Досан Қуанышбеков.

Арқа жеріндегі елеулі өнегелі іс ескерткіштің салтанатты ашылуына орай белгілі ғалымдар, ақын, жазушы, қоғам қайраткерлері жиналып, қайраткер рухына құрмет көрсетті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button