Теміртау

Құрыш қаладағы салтанат

Теміртауда Металлург күні тойланды. Мерекелік шара «Металлург» стадионында өтті. Қала тұрғындарын облыс әкімі Ерлан Қошанов арнайы барып құттықтады.

– Металлургиялық комбинат пен Теміртау қаласының өмірін жеке-жеке елестету мүмкін емес. Бүгінгі мереке – жалпыға ортақ мереке. Елімізде осындай ерекше тарихы бар басқа қала жоқ, – деді өзінің құттықтау сөзінде аймақ басшысы. – Теміртаудың тарихы – ол «Қазақстан Магниткасы» мен Президентіміздің еңбек жолы туралы жылнама. Металлургтер – еліміздің намысы мен күш-қуаты. Сіздер тағы бір мәрте өздеріңіздің деңгейлеріңізді дәлелдей алдыңыздар, кәсіпорында 4 миллион тоннадан астам болат шығарылды. Оның арғы жағында сіздердің еңбектеріңіз тұр, және де мен сіздердің әрқайсыңызға жеке алғыс айтамын. Қиындықтарға қарамастан сіздер бар жігерлеріңізді салып еңбек ететіндеріңіз үшін рахмет. Сіздердің еңбектеріңіз біздің аймағымыздың жандануы үшін өте маңызды. Болат өндіру кәсіпорнындағы бір жұмыскер экономиканың басқа да салаларындағы 25 жұмыс орнын шикізатпен қамтиды.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов кәсіпорынды жаңғыртуға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғайтылатыны туралы айтты. Соның арқасында металлургтердің жұмысы анағұрлым кауіпсіз болуы тиіс. Теміртауда билік басындағылар қысқы маусымда жылыту жұмыстарына қатысты, экологиялық, тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандарды салу мәселелерін шешуді жоспарлап отыр.

Металлург күнімен Теміртау тұрғындарын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ директоры Парамжит Калон құттықтады.

Мерекелік шара барысында облыс әкімінің Құрмет грамотасымен №1 металл цехі басқармасының бекет операторы Артем Холопов, домна цехінің горновойы Әубәкір Тоқмағамбетов және конверторлық цех басқармасының технологиялық процесстерді автоматтандыру жүйесі ақпараттықесептеу орталығының бастығы Валерий Романов марапатталды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атынан еңбегі үшін марапатты корпорацияның 17 қызметкері алды. Мереке иелерін, сондай-ақ, «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин және металлургиялық комбинаттың құрметті ардагері, Президенттің замандасы Қуаныш Омашев құттықтады.

Салтанатты шарадан соң теміртаулықтар үшін 90-шы жылдардың жұлдыздары және әнші Надежда Мейхер-Грановская өнер көрсетті. Сондай-ақ, стадионда парашюттік спорт шеберлерінің өнері, еңбек әулеттерінің шеруі, жергілікті шығармашылық ұжымдардың өнері көрсетілді. Кеш соңында мерекелік отшашу болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button