Жаңалықтар

Құрылыс сапасы – қатаң бақылауда

Мемлекеттік сәулет-құрылыс ба­қылау басқармасы сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

Сурет басқарма басшысының жеке мұрағатынан

Басқарманың қызметтері:
– құрылыс нысандарының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырады, осы нысандарда сәулет-құрылыс тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы жоспарланған) нысандар мен кешендердің мониторингін жүргізу;
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер субъектілерін аттестаттау;
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2025 жылы келесі жұмыстарды жүргізді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы 1646 хабарлама қабылданды, нысандарды пайдалануға қабылдаудың 1761 актісі салыстырып тексеруге түсті
789 мемлекеттік қызмет көрсетілді (басқарма барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді).
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау бойынша (алу/қайта ресімдеу) – 540;
– сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша – 239;
– аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша – 10.
Есепті кезеңде 93 бақылау-қадағалау іс-шарасы өткізілді. Бұзушылықтарды жоюға 55 ұйғарым берілді.
Барлығы 159 әкімшілік іс қозғалды және 58,8 млн теңге сомасына айыппұл салынды.

Жобалау қызметін жүзеге асыратын 3 ұйым лицензиялардан айырылды, құрылыс қызметі саласындағы 10 лицензия тоқтатылды, техникалық қадағалау сарапшыларының 6 аттестаты тоқтатылды.

Басқармаға Қарағанды облысының аумағында жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің нысандары бойынша 60-тан астам хабарлама берілді.
Нысандардың негізгі бөлігі облыс орталығында орналасқан. Сондай-ақ құрылыс Балқаш, Теміртау және Саран қалаларында жүргізілуде.

Тағы бір маңызды мәселе – үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту. 2025 жылғы 30 маусымда Президент тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жаңа заңға қол қойды. Салынып жатқан үйлерден үй сатып алу кезінде алдын ала келісімшарттар жасауға тыйым салады, банктер арқылы міндетті қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізеді және ашықтықты арттыру және үлескерлердің құқықтарын алаяқтықтан қорғау үшін жарнаманы бақылауды күшейтеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін, әлеуметтік желілердегі жарнама бойынша үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін ҚР ӘҚтК 320-бабы бойынша заңмен жауапкершілік қарастырылған.

Тұрғындарды жосықсыз құрылыс салушылардан сақтандыру үшін біз белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Басқарманың ресми сайтында «Өз ТК тексеріңіз» бөлімі әзірленді, оған рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ тұрғын үй кешендері бойынша ақпарат орналастырылған, сондай-ақ, (21-32-06) сенім телефоны жұмыс істейді, бұл арқылы тұрғындар салынып жатқан тұрғын үй кешендері туралы ақпарат алу үшін жүгіне алады.

Сондай-ақ, өздеріңіз білетіндей, 2026 жылғы 9 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі» қабылданды, ол кейбір тармақтарды қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Құрылыс кодексінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы өзгерістер қарастырылған:
2026 жылғы 1 шілдеден бастап, мемлекеттік құрылыс инспекторлары әзірлікті тексеру үшін құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау сатысына қатысуға, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны келісуге, құрылыс нысанына барудың жоспар-кестесін келісуге міндетті. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына және нысандардың пайдалануға беруге дайындығына мемлекеттік бақылау­ды күшейтеді.

ҚР Құрылыс кодексінде лицензиялау бөлігінде өзгерістер қарастырылған.
Заңды тұлғаның құрылтайшыларының құрамы өзгерген кезде енді лицензия­ны қайта ресімдеу талап етіледі.
Басқарма өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

Сарапшылар аттестаттарының (техникалық, авторлық қадағалау) орнына сарапшыларды сертификаттау ұғымы енгізіледі.
Құрылысқа кепілдік мерзімі бөлігінде өзгерістер қарастырылған.
Ғимараттардың тірек конструкцияларына, шатырына және сыртқы қабырғаларына (қасбеттеріне) кепілдік мерзімін қоспағанда, құрылысқа кепілдік мерзімі бес жылдан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар, құрылыс нысаны пайдалануға қабылданған күннен бастап кемінде он жыл.
2026 жылы басқарма облыс аумағында нысандар құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру және құрылыс нысандарында сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Айдын СМАҒҰЛОВ,
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button