Жаңалықтар

Құрылыс материалдары 50%-ға қымбаттады

Күнделікті тұтынатын азық-түлік қана емес, құрылыс материалдарының бағасы да 50%-ға қымбаттаған. Баға тұрақсыздығына әсер ететін бірден-бір фактор – импорт. Бұл жөнінде Сенатта өткен Үкімет сағатында айтылды.

Есеп комитетінің мәліметі бойынша, құрылыс нысандарының сметалық құжаттамасында тұрғын үй құнының 65 пайызын құрылыс материалдары құрайды. Сондықтан нарықтағы кез келген ауытқу, құрылыс саласының дамуы құрылыстың құнына ғана емес, тұрғын үй құрылысының қарқынына да тікелей әсер етеді,-дейді Сенат депутаты Серік Шайдаров.

Бұған себеп – өңдеуші кәсіпорындардың жеткіліксіздігі. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында құрылыс материалдарының импорты 3%-ке өскен. Сондай-ақ, қаптама керамикалық кірпіш, бетон бұйымдары, силикат, портландцемент, құрама құрылыс конструкциялары өндірісі төмендеген.

Сенатор 2025 жылға дейін құрылыс жобаларын іске асыратын Жол картасының бекітілгендігін айта келе, 157 жобаның жоспарланғандығын жеткізді.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button