Жаңалықтар

Құрылыс қарымды дамуда

Құрылысты дамыту Қарағанды облысының негізгі экономикалық және саяси міндеттерінің бірі. Құрылыс – басқа салалардан ерекше. Ол – нысан құрылысының қайталанбауы, құрылыс өнімдерінің стационарлық сипаты, құрылыс процесіне қатысушылардың көп түрлілігі, капиталдың баяу айналымдылығы және тәуекелдің жоғары дәрежесі.

2016 жылы Қарағанды облысында 40 әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және қайта жаңарту жүргізілді, оның ішінде 4 жалпы білім беретін мектеп, 1 көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған 1 мектеп-интернатқа жалғастыра салынған ғимарат, 2 балабақша, ауылдық елді мекендерде 27 дәрігерлік амбулатория, Қарағанды қаласындағы 1 облыстық көп салалы балалар ауруханасы және 4 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны.

40 нысанның 36-сы пайдалануға берілді, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында 1200 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп және 320 орындық балабақша құрылысы, Сәтбаев қаласында 600 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп іске қосылды.

Білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша 4 нысан – Қарағанды қаласында тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін мектеп-интернатқа жалғастыра салынған ғимарат және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылында 150 орынды жалпы білім беретін мектеп құрылысы және Абай ауданы Құрма ауылында 320 орынды жалпы білім беретін мектеп құрылысы.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында облыстың елді мекендерінде 27 дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді, 3 әлеуметтік маңызы бар нысандарға инженерлік желілер салынды: Қарқаралы қаласында мүгедектер үшін реабилитациялық орталық, Қарағанды қаласы «Кең Дала» шағын ауданында орналасқан 1200 оқушыға арналған мектеп, Қарағанды қаласында ауруханалар қалашығы үшін ішкі квартал жылу желілері салынды (Облыстық қан орталығы, 200 және 300 кереуеттік облыстық көп салалы аурухана).

Қарағанды облысында «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасын іске асыру барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша 340,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды (2809 пәтер), бұл 2015 жылдың фактісіне 106,3% құрайды.

Тұрғын үйді іске қосудың негізгі көлемі: 132,9 мың ш.м (39%) жеке тұрғын үй құрылысына, 121,8 мың ш.м (35,7 %) коммерциялық және 86,1 мың ш.м (25,3%) мемлекеттік сектордың тұрғын үйіне тиесілі.

Қарағанды облысында кредиттік тұрғын үй, жалдамалы тұрғын үй және инженерлік-коммуникциялық инфрақұралымдардың құрылысы бойынша 17 нысан құрылысы жүргізілді.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға 13 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілді.

Қарағанды қаласында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша «Жанұя-1» тұрғын үй кешенінде үйлер салынды.

Қарағанды қаласында «ККК Инженеринг» ЖШС «Жанұя» ТК-нің 2 кезектегі құрылысы мен «Сапа» ТК құрылысы жүргізілуде.

2016 жылы «ҚИК» ИҰ» АҚ операторы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Қарағанды қаласында 1,5 мың шаршы метр баспана сатып алынды және «Бәйтерекдевелопмент» АҚ-мен Қарағанды қаласы Маховая көшесіндегі жалпы ауданы 1,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй іске қосылды.

Қарағанды облысында 2017 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында 304 мың ш.м. астам тұрғын үйді іске қосу, Қарағанды қаласы «Панель-Центр» шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйлер құрылысын аяқтау жоспарланған. Үйлерді 2017 жылы пайдалануға беру қала тұрғындарын (1128 пәтер) жаңа үйлермен қамтамасыз етеді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін қол жетімді тұрғын ұсынысын ұлғайту мақсатында, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй құрылысы әрі қарай жалғасады.

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жезқазған қаласының және Сәтбаев қаласына қосылған елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін 2016 жылы 805 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін инженерлік желілерді сала отырып, жалпы ауданы 53 мың ш.м. 15 үй салынды. Сондай-ақ, 2016 жылы 1150 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы ауданы 77,8 мың ш.м., инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар 25 бес қабатты үй құрылысы басталды,

2017 жылы 214 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Сәтбаев қаласында 107 екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы көзделген.

2017 жылдың негізгі міндеттері 2016 жылдан ауысатын құрылыс нысандарын аяқтау, атап айтқанда, Абай ауданы Абай қаласында жабық бассейн құрылысы, Нұра ауданы Шахтерское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қарағанды қаласында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қарағанды қаласында 200 кереуеттік облыстық көп салалы балалар ауруханасы, Қарағанды қаласындағы ІІБ Киров полиция бөлімінің ғимараты, Жезқазған қаласында 320 орынды балабақша, Қарағанды қаласында 250 орынды көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат.

Ағымдағы жылы 13 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізіледі, оның ішінде, Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласында 2 учаскелік полиция бөлімшесі, Қарағанды қаласының «Панель-Центр» шағын ауданында, Сарышаған кенті және Теміртау қаласында 3 жалпы білім беретін мектеп, Қарағанды қаласында қыздар үшін КТЛ-ға жапсаржай, 300 кереуеттік облыстық көп салалы аурухана, облыстық анкологиялық диспансерінің операциялық-реанимациялық блогының жапсаржайы, Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінде дәрігерлік амбулатория, Қарағанды қаласында 3 жедел медициналық көмек қосалқы станциясы мен спорттық кешен (Күрес орталығы).

Қарағанды облысының құрылыс бас­қармасы әлеуметтік маңызы бар ны­сан­дарды, инженерлік-коммуникация­лық ин­фрақ­ұрылым мен қоршаған ортаны қорғау нысандарын салу және қайта жаңарту бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімгері болып табылады, яғни 14 бюджеттік даму бағдарламасының әкімгері.

Қарағанды облысы құрылыс басқармасының қызметі Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға бағытталған.

Б.ИСАБАЕВ,

«Қарағанды облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button