Құрылыс қарқынын жоғалтпайды
Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – «Құрылыс жұмыстарының көлемі» және «Тұрғын үйді енгізу» көрсеткіштерінің орындалуына жауапты орган. Айтар болсақ, облыс бойынша 2024 жылға арналған тұрғын үйді енгізу жоспары 500 мың шаршы метрді құрады. Ал, жалпы енгізілген тұрғын үй алаңы – 540,326 мың шаршы метр. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық. Осылайша, 500 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді десек, оның 393-і – жеке тұрғын үй.
2024 жылдың қорытындысы бойынша басқарма 33 әлеуметтік маңызы бар нысанды пайдалануға берді. Нақтыласақ, облыстық балалар клиникалық ауруханасы ғимараты пәтер ретінде пайдалануға беріліп, 94 жас маманға қызметтік тұрғын үй бөлінді. Ал, Қарағанды қаласының Пришахтинск бөлігінде «Кәусар» шығармашылық дамыту орталығы ашылды. Одан бөлек, Қарағанды қаласы, Күнгей шағын ауданында және Бұқар жырау ауданының Новостройка ауылында 2 мектеп, Қарағанды қаласы, Колодезная көшесі, 9 мекенжайындағы бұрынғы ҚТЛ қыздар мектебіне қосымша құрылыс салынды және Шет ауданы, Ақадыр ауылындағы Ә.Ермеков атындағы мектеп пайдалануға берілді.
Ал, Абай ауданының Топар ауылында ДСК салынса, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында Ақтоғай, Бұқар жырау, Шет және Қарқаралы аудандарында 25 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
2024 жылы тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға 24,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, дайын арендалық тұрғын үй сатып алуға – 16,4 млрд теңге, кредиттік тұрғын үй құрылысына – 5,4 млрд теңге. Тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына да бюджеттен ақша бөлінгенін айта кету керек. Мәселен, республикалық бюджет есебінен – 0,7 млрд теңге, бюджет есебінен – 1,8 млрд теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы 153 пәтерден тұратын екі кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді. Олар Қарағанды қаласы, Чапаев көшесі, 11 мекенжайындағы 9 қабатты үй (108 пәтер) мен Балқаш қаласы, 10-шы шағын ауданындағы 45 пәтерлік №11 үй.
Кредиттік тұрғын үйді беру «Отбасы банкі» арқылы кезекте тұрғандарға жүзеге асырылды, бастапқы жарнаның сомасы бағдарламаға байланысты 10-20% бастап.
2024 жылы 288 арендалық пәтер пайдалануға берілді (Қарағанды қаласы – 72 пәтер, Теміртау қаласы – 50 пәтер, Шахтинск қаласы – 15 пәтер, Ақтоғай ауданы – 100 пәтер, Қарқаралы ауданы – 36 пәтер, Осакаров ауданы – 12 пәтер).
2024 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі әлеуметтік тұрғыдан осал топтар үшін дайын тұрғын үй сатып алу арқылы арендалық тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмін әзірледі. Өткен жылдан арендалық тұрғын үй жеке құрылыс компанияларынан сатып алынады.
2024 жылы бөлінген 16,4 млрд теңге қаражаты есебінен 1097 пәтер сатып алу жоспарланды десек, жеке құрылысшылардан 1100 арендалық пәтер сатып алынды. Олар әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасыларға беріледі.
Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1541 пәтер пайдалануға берілді, оның 228-і – арендалық тұрғын үй, 1100-і – жеке құрылыс компаниялардан сатып алынды, ал, 153 пәтер – кредиттік тұрғын үй – 153 пәтер.
2025 жылға арналған жоспар да ауқымды. Айтар болсақ, биылғы қыркүйекте Балқаш қаласы қалалық ауруханасының операциялық блогына қосымша құрылыс пен ангиографиялық құрылғы орнату аяқталады.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жалғастыру аясында жыл соңына дейін 67 ауылдық денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарда бар.
Биыл Талды ауылында апаттық мектеп орнына жаңасы салынып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, білім беру мекемелерін жаңғырту мақсатында Қарағанды қаласы, Бұқар жырау ауданының Гагарин ауылы, Шет ауданының Ақадыр ауылы үшін 4 қосымша құрылыс, Нұра ауданының Шұбаркөл ауылында спорт залы және Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында бір мектептің қайта жаңартылуы аяқталады.
Ал, Қарағанды қаласының Үлкен Михайловка бөлігінде 300 орындық мектеп пен 320 орындық балалар бақшасын салу, сондай-ақ, Майқұдықта, Бирюзов және Магнитогорск көшелерінің қиылысында шығармашылық дамыту орталығының құрылысы, Саран қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп ғимаратына жылы өткел салу жоспарланған.
Сонымен қатар, биыл Қарағанды қаласында келесі жобаларды іске асыру көзделуде. Қарағанды облыстық балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қосымша ғимарат (монша, спорт залы, бассейн) салу, Ерубаев көшесіндегі әкімшілік ғимараттар мен Қарағанды қаласының мемлекеттік архив ғимаратын қайта жаңарту жоспарда бар.
2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында облыста 12 500 орынға арналған 18 мектеп салынады. Жоба операторы – «Самұрық-Қазына Construction» акционерлік қоғамы. Құрылысы 2024 жылы басталған Қарағанды қаласындағы 3 мектеп (Кеңдала ықшам ауданы – 2000 орын, Көгілдір тоғандар ықшам ауданы – 1200 орын, Гүлдер ықшам ауданы – 300 орын) құрылысын аяқтау жоспарланған.
Биыл Қарағанды қаласындағы «Таугүл» ықшам ауданында 1500 орындық мектеп, Бұқар жырау ауданында 3000 орындық 3 мектеп, Шет ауданында 2 мектеп (300 орын), Балқаш қаласында 1200 орындық 1 мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы бойынша Абай ауданының Көксу ауылында ветеринариялық пунктті аяқтау жоспарланған.
Басқарманың ресми интернет-парағы GOV.KZ мемлекеттік органдардың бірыңғай сайтында бар. Сондай-ақ, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде парақшасы бар, азаматтардың кез келген сұрақтармен осы парақшаларға жүгінуіне болады.
Одан бөлек, облыс тұрғындары E-Оtinish жүйесі арқылы да сұрақтарын жолдай алады. Басқарма мамандары барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.
Саян МҰРАТҰЛЫ,
Қарағанды облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы
басқармасы басшысының міндетін атқарушы