Жаңалықтар

Құрылыс қарқыны қандай?

    Алдын ала деректер бойынша, 2016 жылы Қарағанды облысында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 147,8 млрд. теңгені құраған. Бұл – елде жүргізілген құрылыстың жалпы көлемінің 4,6%-ына тең көрсеткіш.

Құрылыс көбінесе жеке меншік нысанды кәсіпорындардың күшімен жүзеге асырылды. Статистика комитеті мәлімдегендей, облыстағы құрылыс жұмыстарының 98,3%-ы осы санатқа тиесілі.

Құрылыс жұмыстарының құрылымында 82,4% – құрылыс-жөндеу жұмыстарына, 8,5% – күрделі жөндеуге және 9,1% ағымдағы жөндеуге келеді.

Құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі жолдар және автомагистральдарда орындалған. Құны – 59,6 млрд. теңге. Яғни, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 40,3%-ын құрайды. Қалған құрылыс жұмыстары түрлерінің үлесі – 14,8%-дан 0,1%-ға дейінгі аралықта.

Құрылыс жұмыстарының айтарлықтай бөлігін орта және ірі нысанды кәсіпорындар орындаған. Олардың үлесіне 54,5%-ы тиесілі. Шағын кәсіпорындардың үлес салмағы 45,5%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының облыстық көлеміндегі айтарлықтай үлес Қарағандыға (31,3%), Теміртауға (14,4%), Осакаров ауданына (12,9%) және Сәтбаевқа (6,5%) келеді.

2015 жылмен салыстырғанда, құрылыс жұмыстары көлемінің артуы Осакаров ауданында (1,4 есе), Теміртау және Шет аудандарында (әрқайсысында – 1,2 есе), Қарқаралы ауданында (1,1 есе) байқалған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button