Құрылыс – қарқынды

2020 жылға дейін Қарағанды облысында 2 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер салынуы тиіс. Биыл 332 пәтер тұрғызылады.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясындағы құрылыс қарқыны мен көлемі бойынша Қарағанды облысы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейін үшінші орында тұр.

Биылғы жылы облыстық және жергілікті бюджет есебінен Теміртау қаласында 90 пәтер салынады. Осакаров ауданында 72 пәтер республикалық бюджет есебінен көтерілмек. Қарағандыда – 60, Шахтинскіде – 60 пәтер бой көтереді. Сөйтіп, 2020 жылға дейін облыста 2417 сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Қарағандыда тозығы жеткен үйлер қайта қалпына келтіріледі.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.