Жаңалықтар

Құрылыс қарқын алады

            Жезқазғанда сан-салалы экономиканың барлық түрлері бойынша өсу бар. Білім, жұмыспен қамту, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек және басқа да әлеуметтік жобалар тұрақты орындалуда. Бұл туралы Жезқазған қаласының әкімі Батырлан АХМЕТОВ өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
– Биылғы жылы білім саласына ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, осы жылы мектепке дейінгі білім мекемелерінің саны артатын болады. 3 шағын ауданда 320 орындық балабақша құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, шаһарда 2 жеке кәсіпкер Н.Хасенованың «Мирас» және Г.Гарееваның «Алтын бесік» балабақшалары ашылды. Кәсіптік серіктестікті дамыту мақсатында жеке кәсіпкер «Алтынбеков» арасында 160 орындық балабақша ашуы туралы үш жақты келісімшарт жасалды. Нәтижесінде мектепке дейінгі біліммен 3-тен 6 жас аралығындағы бала 100% қамтылмақ. Білім жүйесінің қарқынды дамуы көп жағдайда қала бюджетінің бағыттарымен айқындалады. Өткен жылы ғана білім саласына көзделген бюджет инвестициялары 19%-ға ұлғайып жалпы бюджеттің 42%-ын құрады. Білім нысандарын жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері ерекше назарға алынып кезең-кезеңімен іске асырылуда. Облыс әкімі Е.Қошановтың тапсырмасымен қалада арнайы мамандандырылған «Өркен» облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ашылған болатын. Мұнда қазіргі кезде 85 оқушы оқуда. Шәкірттер саны жылдан жылға ұлғая береді. Сонымен қатар, үш ауысымды білім беруді жою мақсатында 2018-2019 жылдарға 900 орындық мектеп құрылысының жобасы әзірленді, – деді Батырлан Ахметов.
Сондай-ақ, биылғы жылы облыстық бюджет есебінен Жезқазған қаласының екі үлкен көшесі жөнделетіндігін тілге тиек етті. Атап айтқанда, Қаныш Сәтбаев көшесі мен Бейбітшілік даңғылы жөнделетін болады. Ол үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге бөлінген. Бұдан бөлек, Ғазиз Омаров көшесін жөндеуді жоспарлап отырған көрінеді. Ол жұмыстарға жергілікті бюджеттен 73 млн. теңге қарастырылыпты. Және жергілікті бюджет есебінен Жезқазғанда 16-шы ықшам аудандағы аула жолдары да жөндеуден өтеді. Қаладағы басқа да ұсақ жол жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
 Елбасының алға қойған тапсырмаларын іске асырып, қаламыздың экономикалық және әлеуметтік дамуын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жүзеге асуда. Атқарылып отырған әрбір шара елдің әлеуетін көтеруге, қаламызды көркейтуге бағытталды, – деді Б.Ахметов.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button