Бас тақырыпСпорт

Рыбакина Майамиде өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

http://olympic.kz хабарлауынша, Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Сурет olympic.kz

Қазақстандық теннисші ширек финалда америкалық Джессика Пегуламен кездесті.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сет Пегуланың пайдасына аяқталды. Ал кейінгі екі сетте Рыбакина басым түсіп, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 2:6, 6:3, 6:4.

Жартылай финалда Елена Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) мен Хэйли Баптист (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button