Бас тақырыпСпорт
Руслан Құрбанов Астанадағы Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды
Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдеге ие болды.

Финалда отандасымыз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкармен кездесіп, тартысты бәсекеде 12:15 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Руслан Құрбанов турнирді екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін ол Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанған еді.
Арайлым КӘРІҒҰЛ
Е.Бөкетов атындағы ҚАРҰЗУ IV курс студенті



