Балқаш қаласында Қазақстан, Ресей, Армения жəне Түркия белсенділері Балқаш көлінде «Рух желкендері 2023: қоғамдастықтың дамуы» атты бірінші инклюзивті лагерін ашты. Бір айта кетері, олардың барлығы халықаралық экстрабилділік қоғамдастығын дамытуға бағытталған «Рух желкендері» жобасының қатысушылары – мүгедектігі бар жандардан құралған. Балқаш көлінде өткізген бірнеше күннің ішінде көптеген адамдар ескек есуді жетік меңгеріп, желкенді тримаранды басқаруды жəне белгілі қашықтықты жылдамдықпен өтуді үйренді.
«Рух желкендері» жобасының мақсаты – қатысушылардың ерекше дарындары мен қабілеттерін көрсетудің тиімді үлгісі ретінде инклюзивті яхталарды танымал ету. 2011 жылдан бастап, əлем бойынша инклюзивті экспедициялар өтуде. «Росатом» бұл жобаны 2016 жылдан бері қолдап келеді.
Жоба тобы Арменияда, Қазақстанда жəне Түркияда инклюзивті əлеуметтік-мəдени жəне спорттық шараларды дамыту арқылы тəжірбие жинақтауда.
Бірнеше күн жаттығудан өткен қатысушылар жеке командалар желкенді қайықпен сынға түсті. «Рух желкенінің» ерекшелігі – мүгедектігі бар жəне мүгедектігі жоқ қатысушылар бірге жаттығу жасап, жарыс жолында бақтарын сынады.
Лагерь қатысушылары мүмкіндігі шектеулі адамдарды əлеуметтендіру тəжірибесін ұсынып, инклюзивті тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды. Сондай-ақ, стимулдық қозғалыс қоғамдастықтарын қалыптастыру бойынша семинар өтті.
– Біз Балқаш көлінің жағасына келіп, керемет сезімді бастан кешіріп жатырмыз. Бұл – «Белый трость» ұйымы үшін Қазақстанда лагерь өткізу жаңа тəжірибе жəне «Рух желкендері» халықаралық инклюзивті жобасына қосылу үшін жергілікті қауымдастықтармен жəне белсенділермен көптен күткен жүздесу. Біз ұзақ жəне жемісті ынтымақтастық бастайтынымызға сенімдіміз.
Мүгедектігі бар жанның қолынан көп нəрсе келетіндігін көрсетіп, мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктер шегін кеңейтіп, оларға əлеуметтік-мəдени өзара іс-қимыл орнатуға көмектесетін боламыз.
Осы іс-шараға қолдау білдірген Қарағанды облысының əкімдігіне жəне Балқаш қаласының əкімдігіне алғыс білдіремін, – дейді «Рух желкендері» жобасының жетекшісі, «Белый трость» АҰО президенті Олег Колпащиков.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарда жаңа таланттар мен қабілеттерді дамытудың үздік «экстрабилділік» тəжірибелері бойынша тəжірибе алмасуы ең жарқын əсерлі сəт болып есте қалатындарын жеткізді. Көптеген адамдар бұл команданың бірігуіне ықпал ететін ескек есу екенін атап өтті.
Түркияның Көру қабілеті бойынша мүгедектер федерациясы төрағасының орынбасары Дурсун Арслан көл жағасындағы игі мүмкіндіктердің шекарасын кеңейтіп, олардың əлеуметтік-мəдени қарым-қатынас орнатуына ықпал ететіндігін айтты.
– Күн сайын жобаға қатысушылар өздерінің жеке оқиғаларымен, сондай-ақ, табысты инклюзивті тəжірибелерімен бөлісті. Семинарда бірегей тұлғалар сөз сөйледі. Спикерлер Ботагөз Игенбаева, Юрий Александров жəне басқаларының баяндамалары мені одан əрі рухтандыра түсті.
Қазақстанның қонақжайлығына риза болдым. Түбі бір Түркі елінің дəстүрі, тілі ұқсастығын аңғардым, – дейді «Tarsus disability platform» ұйымының басшысы Дурсун Арслан.
Желкенді катамаранды басқару бойынша сабақтарды желкенді жəне ескек есуден кəсіби жаттықтырушы, «Рух желкендері» жобасының тəлімгері Виктор Клоков жүргізді.
«Жайық желкені» Орал желкенді-туристік клубының капитандары клуб регаттарына жəне көшпелі жарыстарға, жорықтар мен саяхаттарға қатысуына, сондай-ақ, осы іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесті. Желкенді қайық капитаны Алексей Солодке Балқаш көлінде алғаш жүзгенін жеткізді.
Көл үстіндегі саяхаттан кейін жағалауда инклюзивті волонтерлік бойынша түрлі мəдени-танымдық іс-шаралар, шеберлік сабақтары мен тренингтер өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Балқаш қаласында 2014 жылы желкенді қайықтар жарысы өткен болатын. Желкенді қайық спортынан да жеткен жетістіктер аз емес.
Балқаштық Алексей Сесорев ХДСШ-і Республикасының 8 дүркін чемпионы. «Луч», «Лазер» желкенді қайықтармен Пəкістан регатасының (Карачи 1997 жылы) Таиландтағы Азия ойындарында «Лазер» желкенді қайығының тобы бойынша чемпион атанды.
Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz