Жаңалықтар

«Рухани KZ» танымдық керуені мен «Buketov runners» эстафеталық ультрамарафоны басталды

Бүгін «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл және Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл толуына орай Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Рухани KZ» танымдық керуені мен «Buketov runners» эстафеталық ультрамарафоны басталды.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Керуеннің басты мақсаты – ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, көпшілікке тарихи тұлғалардың өмірін, еңбектерін және тарихи мұраларын таныстыру, жастардың отансүйгіштік, елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Ультрамарафонға университеттің оқытушылары мен студенттері, «Buketov ranners» тобының мүшелері, арнайы шақырту алған ультрамарафоншылар, тарихшылар, қоғам белсенділері қатысуда.


 
Қатысушылар 2 мамыр мен 6 мамыр аралығында Қарағанды – Ұлытау – Қызылорда – Түркістан бағыттарында қашықтығы 1300 шақырымды құрайтын эстафеталық ультрамарафонды жүріп өтіп, тарихи-мәдени жерлерін аралайды. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button