Жаңалықтар

Рух

Осы сөз ырғалып шығатын «Р» қарпінен басталып, созылып барып, болдырып, талып жетер жеріне жетіп, үзілетін «У» қарпі қосылып, аңқылдап барып морт кететін «Х» деген үш әріптен тұруының өзі ауқымды, құпия сырды, тасқындатып, гүрілдеп, гуілдеген үн мен шорт кесілетін теңдесі жоқ шулы шерді жүрек түбінен шығарады.

Шер сыртқа шыққанда «аһ» ұрасың. Қаның қайнап, жының ойнап, жұдырығың түюлі, қабағың қатулы. Бойыңа дүлей күш пайда болып. Іле-шала осыларды қақпақтап, керек арнаға түсіретін ақыл, парасаттардың шуы да бірге шұбатылып, ғайыптан шыға келеді. Мұндай құдіреттерді күтіп жүретін, әулиелік пен киелі атты екі ұғым үзеңгі қағысады. Иық тірестіріп, Рух абыройы асқақтарда аса ізетпен кішірейіп, иіліп сәлем бергендей, іле бойларын түзетіп, асқақ қалыптарын сақтап қалып отырады.

Осы бір тылсым дүние санаңа кіргенімен, сіңіп үлгермей, бірден үйлесімін таба алмай, жұмыр басты пендені шыр көбелек айналдыратыны бар. Ешкімді кінәлай алмайсың. Құштарлықтың жібі ширатылғанымен, қабылдау, саралау қабілетінің бір қайнауы жетіспей тұрған тұста асылыңды жасыққа айырбастап, сан соғатын сәттер қаншама? Дүние-ай десеңізші, осы бір қарапайым да пайымды дүниені таразыға салып, ақ-қарасын айырып алмай, қарадүрсінге салатынымызды қайтерсің?!

Адамзат тарихына байланысты «Әуелде сөз болған деген» қағида қазақтан қалған шығар-ау?!» деген тұжырым анда-санда қонақтап кететін. «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» секілді қанатты сөздер сонау ықылым заманнан сақталып келе жатқанын еске алар болсақ, менің ойымды құптар адамдар табылып қалар деп үміттенемін.

Үстіміздегі жылдың 17 маусымында Петербург қаласында өткен халықаралық экономикалық форумында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің қазақ халқының рухын көтерген бір-екі ауыз сөзін келтіргенді дұрыс көрдім.

«Глава Казахстана во время беседы в рамках ПМЭФ-222 в Санкт-Петербурге публично выразил претензии российских депутатам, журналистам и деятелям культуры, которые некорректно комментировали решения руководства Казахстана и происходящие в нем события, передает корреспондент NUR.KZ. Касым-Жомарт Токаев заявил, что Россия как авторитетное государство на постсоветском пространстве несет особую ответственность внутри СНГ – в том числе за то, чтобы граждане этих стран положительно смотрели на эту страну и уважали ее.

«Я, пользуясь этой трибуной, хотел бы выразить некоторые претензии к высказываниям ряда российских депутатов – абсолютно некорректные высказывания в адрес Казахстана, неточные высказывания. Журналистов и даже деятелей культуры. Я признателен Владимиру Путину, который исчерпывающим образом сегодня изложил позицию высшего руководства по отношению к Казахстану. Действительно, у нас нет никаких вопросов, которые можно было бы муссировать, сея рознь между нашими народами, тем самым нанося ущерб самой России. Эти высказывания мне не очень понятны. Как говорится, на чью мельницу льют воду эти деятели, которые странным способом комментируют решения руководства Казахстана или события, которые происходят в нашей стране», – заявил Токаев. Модератором беседы с Токаевым и Путиным выступала журналистка Маргарита Симоньян – ранее ее муж Тигран Кеосаян сделал оскорбительное, по мнению МИД Казахстана, заявление в адрес нашей страны. Симоньян добавила, что «даже знает некоторых», кого имеет в виду Президент Казахстана. В конце беседы она поблагодарила Токаева за откровенность.

«Я думаю те депутаты и деятели культуры, о которых вы говорили, один из которых близко со мной знаком, услышали вашу позицию и, вероятно, мы все сейчас должны понять, что не время ссориться и лить воду на мельницу тех, кто нас ссорит», – добавила Симоньян…» (https:// www.nur.kz/politics/universe/1974649-tokaev-publichnovyskazal-pretenzii-rossiyanam-kotorye-nekorrektno-govorili-okazahstane/). Қазақтың даналығы, даралығы айыптының басын алуға қынабынан суырылған қылышты сілтей бергенде, күнәһардың ақтық сөзіне ден қойып, келесі сәтте оған достық құшағын жаюында қандай құпия жатыр? Әлде өздері де түсіне бермейтін сиқырлы сыр бар ма бұл қазақта? Қандай құдіреттің күші билейді? Әрбір басқан қадамдарынан табиғатпен біте қайнасқаны көрініп тұратын түз тағысына айналған қазақ деген ет пен сүйектен жаратылған пенденің түсінік, танымының әулиелікпен астасып жатқандығының құдіреті болар-ау сірә?!. Яғни, сөз құдіретін сезініп қана қоймай, оны пір тұтып, бір ауыз сөзбен талай қауіп-қатердің алдын алғаны бекерден-бекер емес-ау?!.

P.S: Президентімізге байланысты материалдарды басқа тілден аударуға құқымның жоқтығынан қаз-қалпында беріп отырмын.

СМАҒҰЛДЫҢ Тлеубердісі.

Басқа материалдар

Back to top button