ҚарағандыРухани жаңғыру

Рух пен уақыт символы

    Ақын Мағжанның атын иеленген №39 гимназия әрбір шарасын мәнді әрі қызықты өткізеді. Білім ошағының білікті ұстаздары мектепте өтетін жиындарға жауапкершілікпен қарайды. Соның бірі – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығымен бірлесіп өткізілген Олжас СҮЛЕЙМЕНОВКЕ арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция.

Білім мекемесі конференция аясында қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ғалым, «ХХІ ғасыр адамы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Олжас Сүлейменовке арналған жаңа жиын залының тұсауын кесті. Ақынның шығармаларынан түрлі стен­ділер жасап, жазушының қанатты сөздерін дәріптеді.

Конференцияның қонақтары мен қатысушылары орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Бақыт Ақбаева дайындаған әдеби-музыкалық композицияны тамашалады. Бұл ерекше қойылым көптің қошеметіне бөленді.

Жалпы, ақынның лирикалық қаһармандарының бәрі асқақ жанды өр тұлғалар. Олардың қай-қайсысы болмасын өмірге құштарлықты ту етеді. Мұны ескерген мектеп директоры Жангелді Базыл оқушыларға Олжастың өлеңдерін жаттап жүруді міндет еткен. Ұжымдағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Назира Құсайынова автордың есімі үнемі поэзияның ең үздік үлгілерімен байланысты деп атап өтті. Оқушылар автордың көркемдік әлемі, әлеуметтік-саяси қызметі жөнінде пікір алмасты.

Әлбетте, Олжас Сүлейменов – үнемі ашық және адал жүретін, шен және атаққа аса  назар аудармайтын адам. Оқушылар да ақынның шыншылдығын ұнатататынын әрі оны өлеңінен іздейтінін айтты.

Жангелді БАЗЫЛ, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның директоры:

– Олжас Сүлейменов туралы сөз қозғағанда, автордың «Адамға табын, жер енді!» поэмасын еске тү­сірсек жеткілікті. Публицист аза­маттық ерліктің, шындықтың жақтаушысы. Кітаптары өмір сү­руге үйретеді. Ақын «Мен өз кітаптарымда ақылды, мейірімді адамдармен сөйлесіп, арамдық пен сатқындықты жоққа шығаруды армандадым» деп жазады. Әлбетте, ақынның туындылары ұлылықтың символына айналған туындылар.

Жалпы, мектеп оқушылары кон­ференцияда жазушы шы­ғар­ма­шы­лығына деген қызығу­шылық­тың зор екенін көрсетті. Дайындаған жұмыстары уақыттың, өмірдің, адамның мінез-құлқы жайлы ойға жетеледі. Үздік шығармалар авторлары дипломдар, Алғыс хаттармен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button