Бас тақырып

Рух көгіндегі қос жұлдыз

74 жыл атаулы дата болмаса да, биылғы Ұлы Жеңіс мерекесі біздің облыс көлемінде ерекше аталып өтілуі тиіс екен, бағамдасақ. Себебі, соғыс өрті тұтанғанда, жастық жалын күшімен қан майданда қырандай қайрат көрсетіп, жұлдыздай ағып түскен қос бірдей батырымыз – Қазыбек Нұржанов пен Нұркен Әбдіровтің туғанына биыл – 100 жыл толып отыр. Ел басына күн туғанда еті- гімен су кешіп, аттарын ауыздықпен суарған қос қыран да арқа топырағынан түлегенінің өзі айтарлық әңгіме.


Байыбына барар болса, батыр елдің қорғаны ғана емес, құты да қазынасы.
Алаш арыстары түлеп, алғаш қазақ демократиясы ту көтерген Арқаның алтын тәжі сынды алып мекендерден түлеп ұшқан қос сұңқарға газетіміздің айқарма бетінен (4-5 беттер) орынды көбірек ұсынғанымыз содан. Ұрыс даласында бір емес, бірнеше рет ерлік көрсетіп, қарсы жақтың құтын қашырып, жау танкілері мен әскери базасы тұрағын отқа орап кеткенде Нұркеннің жасы небары жиырма үште екен. Қазыбек жиырма алты жасында ағып түсіпті. Отан алдындағы борыштарын абыроймен ғана емес, ерлікпен атқарып, өлер алдында да батыр даңқын асқақ ұстап кеткендері қайран қалдырады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның перзенттері осындай қыран текті қазақ батырларына қарап бой түзесе, арман қане?! Әрідегі Қазыбек беріде де туыпты. Бүгінде туа берері сөзсіз, ендеше. Әумин!

Редакциядан.

Басқа материалдар

Back to top button