АймақҚарағанды

Өртпен күрес жөніндегі іс-шаралар үшін қыруар қаржы бөлінді

Облыс әкімдігі биыл табиғи өртпен күрес жөніндегі іс-шаралар үшін бюджеттен 1 млрд. 409 млн. теңге бөлген. Оның 930 млн. теңгесі орманшылықты дамыту мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тиесілі.

Сурет: облыстық ТЖД

Бүгінде бөлінген қаражатқа Керней, Шабанбай би, Ақсу-Аюлы, Егіндібұлақ және Окольное ауылына жаңа орман өрт сөндіру станциясының ғимараты салынды. Сонымен қатар, аймақтағы тоғыз өрт сөндіру станцияларындағы техникалар жаңартылып, өрт сөндіруге қажетті барлық құрал-жабдық жаңадан алынды.

Жаңадан салынған станцияларда жеке құрам бекітіліп, жаңадан қажетті техникалар мен құрылғылармен толық жабдықталды. Сонымен қатар нысандарға жылу кіргізіліп, су тартылған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button