Саран қаласындағы Абай атындағы мектепте өрт қауіпсіздігіне байланысты тәрбие жұмыстары қолға алынып,”Өрт қауіпсіздігі-балалар көзімен” атты арнайы бұрыш ашылды.
Аталған бұрышта оқушылардың өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы шығармашылық жұмыстары,ақпараттық материалдар мен өрттен сақтанудың маңызды ережелері ұсынылған.Бұған қоса мектептің 2 және 7-сынып оқушылары осы бұрышпен танысып,өрт қауіпсіздігі жөнінде өз білімдерін бөлісіп,өрттің алдын алу,қауіпті жағдайларда өзін өзі ұстау ережелері туралы пікірлерін ортаға салды.
Бұл бастама шәкірттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған.Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың тәртіп пен қауіпсіздік қағидаларын терең түсінуіне ықпал етері сөзсіз.
Ержан Имаш,
САРАН
Суреттер ұйымдастырушылардан