Бас тақырып

Өрт сөндірушілерге Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысында шыққан өртті сөндіруге ат салысқан 22 адамды мемлекеттік наградамен марапаттады. Оның ішінде облыстық ТЖД қызметкері Бекболат Жиреновқа – «Ерлігі үшін» медалін, Ілияс Қасымовқа – ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев марапатты салтанатты түрде табыстады.

 

Бекболат Жиренов азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бүгінде ол облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағы бөлімшесінің командирі.

Ал, Ілияс Қасымов азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді. Балқаш қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі.

 

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында шыққан өртті сөндіру үшін облыстық ТЖД мамандары көмекке жіберілгені жайлы жазған болатынбыз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button