Спорт

Өрт сөндірушілер сынға түсті

Қарағанды қаласының №9 өрт сөндіру бөлімінің спорт алаңында өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Оған облыстың төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 15 командасы қатысты

Сайыс өрт сөндірушілердің дағдысын жетілдіруге, біліктілігін арттыруға бағытталған. Жарыс алдында Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Күні бойы командалар бірнеше бағытта бақ сынасты. Жалпы командалық есепте I орынды №9 өрт-сөндіру бөлімі, II орынды №12 өрт сөндіру бөлімі, III орынды құтқару бөлімі иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button