АймақБұқар жырау

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден газ баллонын алып шықты

Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында  жеке тұрғын үй өртенді. Өрттің аумағы жүз шаршы метрден асып, үйдің төбесі опырылып түскен. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілер үйдің ішінен табылған тұрмыстық газ баллонын өз өмірлерін қатерге тігіп, сыртқа алып шықты. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысы мен  ерлігінің арқасында өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.  

Сурет пен видео: ТЖД

Өрт туралы хабар төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 11:03-те түскен. Жеке тұрғын үйдің жалпы алаңы 130 шаршы метр шатыры мен төбесінің ағаш қаптамалары, тұрмыстық техника, тұрмыстық заттар мен жиһаздар, терезе мен есік жақтаулары өртеніп, оның салдарынан үйдің төбесі опырылған.  Өрт сағат 12:07-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі әлі анықталуда. Оқиға орнына 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button