Ресми

Өрттен зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

2023 жылдың 8 маусымынан бастап Абай облысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (МЖӘ) аумағында орман алқабы өртеніп жатыр. Орман шаруашылығы комитетінің алдын-ала ақпараты бойынша, өрттің ауданы қазір 60 000 гектардан асады.

 

Өртті сөндіруге әртүрлі ведомстволардан 800 маман және 200-ге жуық техника жұмылдырылды @tjm_mchs @modgovk @minecology_kz. Жедел желі жұмыс істейді, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы төмендегі телефон арқылы жүргізілуде: 8(717)53-32-84, 8(722)235-38-31.

Қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, туыстары мен жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтамыз.

Облыс волонтерлері өртті сөндіруге тартылған қызметкерлерге, азық-түлік сатып алуға, тамақтандыруға және т.б. қатыстырылған қызметкерлерге жан-жақты көмек көрсетуде. Өрт сөндіруге қатысқан қызметкерлерге көрсеткен көмегі үшін @volontery_semey_lider.kz алғысымызды білдіреміз және әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз.

Ұлттық волонтерлік желі эвакуациялаған елді мекендердің тұрғындарына және өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды жариялайды. Барлық қатысушылардан осы акцияны қолдауын сұраймыз.

Жиналған қаражат @volontery_semey_lider.kz аударылады, волонтерлер қажетті тауарларды сатып алып, төтенше жағдай орнына жеткізетін болады. Байланыс үшін: @volontery_semey_lider.kz – Павел Евгения 8(747)349-57-17.

Қаражат жинау туралы есеп қол жетімді болады және біздің парақшамызда жарияланады. Қосымша сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлерлер фронт-офисінің ақпараттық желісі бойынша байланысуға болады: 8(708)706-42-42.

Абай облысындағы жағдай бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанына назар аударыңыз. Дүрбелеңге түспеуіңізді және ресми ақпарат көздерін қадағалауыңызды сұраймыз!

Алаяқтардан сақ болыңыз!

Басқа материалдар

Back to top button