Жаңалықтар

Ұрпақ тарихты білуі тиіс

Қарағандыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар кешені басталды. «Болашақ үшін естелік» жобасы аясында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы оқушыларға Қарлаг-тың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсия.

1997 жылдан бастап Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні белгіленді. Содан бері осы күн қарсаңында жазықсыз жапа шеккен елдің атпал азаматтарын бұқара еске алып, енді мұндай зобалаңның қайталанбауын тілейді. Ұрпақ тарихты білуі тиіс. Сол арқылы бүгінгі бейбіт өмірдің қасиетін және ұғынуы керек. Қандай азалы, ауыр болса да, ұмытуға хақымыз жоқ.

Тарихи деректер Қазақстанда 1921 жылдан 1954 жылға дейін 100 мыңға жуық адам сотталып, 20 мыңнан астам адам атылғанын мәлімдейді. Олардың арасында «Алаш» партиясының барлық арысы, қазақтың кереқарыс маңдайлы қаншама көрнекті қайраткері бар. Түрлі этностардың миллиондаған өкілдеріне Қазақстан депортация орнына айналған тарих осылай қалыптасты. Тоталитарлық режимнің жазалау жүйесінде 953 лагерь мен елдімекен жұмыс істеді. Қазақстан аумағында ГУЛАГ-тың ең ірі және қорқынышты лагерлерінің бірі – Қарағанды еңбекпен түзету лагері болғаны аян.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button