Ресми

Ұрпақ алдындағы маңызды міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында еліміздің білім беру жүйесін дамытуға жан-жақты тоқталды

Мемлекет үшін білім саласын дамыту аса маңызды. Өйткені, ол қоғамның күретамыры іспетті ең негізгі сала. Елдің білім сапасын арттыруға бағытталған Президенттің бастамалары көпшілік тарапынан қолдау тапты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғалы бері мұғалім мәртебесі биіктей түсті. Білім беру саласындағы басты тұлға – мұғалім болса, мемлекет оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра береді. VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында Президент осындай маңызды мәселені айтты.

Сондай-ақ, Президент өз сөзінде: «Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет», – деді.

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті болашақ мұғалімдерді даярлайды. Өңірдегі, тіпті, республиканың түпкірінен келіп оқитын жастар біздің университеттен сапалы білім алып, ел дамуына өзіндік үлес қосуда. Қоғам талабына сай мұғалімдерді даярлау ісін әлі де жетілдіре беру өте маңызды. Сондықтан, Президенттің білім саласындағы бастамаларын әрқашан қолдаймыз.

Елдос ТҮЙТЕ,

академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің деканы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button