Бас тақырып

Құрметті жерлестер!

Қарағанды облысының тұр­ғындары Шахтер күнін жыл сайын асыға күтеді. Себебі, ол – біздің өңіріміз үшін ерекше мереке.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Барлығыңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазыналы Қарағанды облысының шахтерлері жеті қабат жер астынан кен қыртысын өндіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасын одан әрі дамытуға өздерінің адал еңбектерімен нақты үлес­терін қосып келеді. Сондықтан да, олардың ерен еңбектері қандай марапатқа да лайықты.

Елімізде өндірілетін көмірдің үштен бір бөлігі біздің жерімізден шығады. Шахталарда ғылымға негізделген озық технологиялар қолданылуда. Көптеген үлкен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Бұл мемлекетіміздің осы салаға деген ерекше қамқорлығы мен қолдауының нәтижесі.
Барша Қарағанды облысының жұртшылығы, бүкіл еліміз жер астынан көмір қыртысын қопарып, ел байлығын еселеуге үлкен үлес қосып жүрген шахтерлердің еңбегін жоғары бағалайды. Кәсіби мереке қарсаңында көмір өндірісі саласының ардагерлеріне, барлық шахтерлерге шынайы алғыс сөзімізді арнаймыз.

Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Шахтер күні құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button