Ресми

Құрметті жерлестер!

Сіздерді келіп жеткен жаңару мен бейбітшілік, өркендеудің символы әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің ата-бабаларымыз осы халықтық мереке арқылы салт-дәстүрлеріміздің ұрпақтан-ұрпаққа сақталып жетуіне, олардың қазақ қоғамында насихатталуына жағдай жасай отырып, ұлттық мәдениетіміздің жаңғыруына ықпал етті.

Бүгінде әз-Наурыз мейрамы бар¬¬ша қазақстандықтың ортақ мерекесіне, жақсылық пен жасампаздықтың, бірлік пен татулықтың бастауына айналды. Әрбір қазақстандық үшін, Қарағанды облысының әрбір тұрғыны үшін бұл күннің маңызы зор. Барлығымыз үшін Наурыз жер-дүниенің жаңғыруының, жақсылық пен берекенің, ырыстың белгісі.

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздердің әрқайсыңызға денсаулық пен амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, бақ-береке тілеймін. Наурыз мерекесі бәрімізге құт әкелсін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button