Жаңалықтар

Құрметті табиғат пайдаланушылар (операторлар)!

Құрметті табиғат пайдаланушылар (операторлар)!

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті хабарлайды:

ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексіне 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің және мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген объектілерді, сондай-ақ, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілерді операторлар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш бере алады.

Объектілерді санаттарға жатқызу үшін Бірыңғай экологиялық порталына (http://ecogov.kz) кіріп, өтініш бере алады. БЭП операторы ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады.

Бірыңғай экологиялық порталдың байланыс нөмірлері:

8 (7172) 24-81-74, 8 (7172) 24-83-45, 8 (7172) 24-83-48, 8-775-826-72-29.

Басқа материалдар

Back to top button