Ресми

Құрметті полиция органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Күн сайын сіздер азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етесіздер. Біз сіздердің қызметке адалдықтарыңызды, азаматтарымызға қауіп төндіретін сын-қатерлерге жедел әрекет етуге бағытталған қызметтеріңізді жоғары бағалаймыз.

Жылдан жылға біздің өңірдің құқыққорғау органдары қылмысқа қарсы күресте жаңа тәсілдерді белсенді енгізуде, бұл олардың жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін көрсетеді. Біз өз тарапымыздан материалдық-техникалық базаны нығайту және цифрлық технологияларды енгізу, соның ішінде жедел басқару орталығына қосылатын бейнекамераларды орнату бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

Бүгінде қоғамда қылмыстың жаңа түрлері пайда болып, алаяқтар интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді көбірек пайдалануда. Осыған байланысты құқыққорғау органдары бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда. Ел игілігіне қызмет ететін мұндай жұмыстардың жарқын мысалы – Қарағанды облысының полиция департаменті құрған «Киберпол» киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі жаңа бөлімі.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, қызметтеріңізге табыс тілейміз! Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button