Құрметті офицерлер мырзалар, әскери қызметшілер! Қадырменді ардагерлер!

Қазақстан Республикасы құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылғана 31 жыл толу күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Өткенді саралап, кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұланның тарихына тоқталсақ, біздің ата-бабаларымыз өздерінің ерліктерімен өз халқының қауіпсіздігі үшін ерлік пен батырлық үлгілерін көрсетіп, Ұлы даланың кең байтақ жерін сақтап, келер ұрпаққа аманат етті.

 Тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғау – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қасиетті парызы.

 31 жыл бұрын құрылған құқықтық тәртіп әскері егеменді жылдар ішінде Ұлттық ұлан мәртебесіне иелік етіп, аса жауапты да маңызды міндеттерді атқара отырып, мемлекетіміздің ішкі тыныштығын қырағы күзетіп келеді.

Осы жылдар ішінде жасалған игілікті істер аз емес. Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Касым-Жомарт Токаев басшылығымен Ұлттық ұлан жаңа даму кезеңіне аяқ басты.

Тәуелсіздік жылдары әскеріміздің кәсіби сапасы артып, оның материалдық-техникалық қамтылуы дамып келеді.

Бүгінгі күні, Ұлттық ұлан елдің сенімін ақтайтын айбынды күшке айналды.

Әскердің арнайы және қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындайтығына баса мән берген Мемлекет басшысы 2015 жылдың 10 қаңтары «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы» туралы Заңына қол қойылды.

Жыл сайын өңірлік қолбасшылықтың қызмет сапасы нақты қадамдар жасадық. Мемлекет қолдауының арқасында әскердің жауынгерлік әзірлігін көтеру, материалдық-техникалық жарақталуын арттыру бойынша біршама штаттық-ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді.

Тарихи естелік боп мәңгі есте қалары, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басшылығы да жастар тәрбиесіне баса назары. Мәселен, 2016 жылдың ақпаны Қарағанды қаласындағы № 77 орта мектепте қазақстандық тұңғыш космонавты Тохтар Әубәкіровтің қатысуымен, Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» кадет сыныбы ашылды, сондай-ақ № 58 орта мектеппен ынтымақтастық пен тығыз байланыс орнату бойынша меморандумға қол қойылды. Осының арқасында барлық жастағы оқушылармен үнемі  әскери-патриоттық сипаттағы іс-шаралар, кездесулер өтіп тұрады.

Әскери қызметшілердің даярлығын көрсететін жағдайды айтпай кету орынсыз болар. Мәселен, елімізді дүрсілкіндірген 2022  жылғы қаралы қаңтар оқиғасы кезінде Ұлттық ұлан құрамалары жоғары деңгейдегі дабылымен жауынгерлік әзірлікке көтеріліп, еліміздің іргесін – Тәуелсіздік туын қорғау жолында міндеттерін батыл атқарды. Өкінішке орай, екі бірдей қарулас жауынгеріміз қаза болды.

Дәл осы жылы өңірлік қолбасшылыққа қарасты қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі бойынша Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан әскери бөлімдеріміз күн сайын қала тыныштығы жолында аса қауіпті тәртіп бұзушыларды құрықтап, тиісті уәкілетті органдарға жеткізіп отырды.

Онымен қоса, қыркүйек айында Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орын алған табиғи апатта өңірлік қолбасшылыққа қарасты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімі, Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері тілсіз жаумен күресте, ауыл азаматтарын қорғап, халықтың игі батасына ие болды. Аталмыш әрекет бойынша 5510 әскери бөлімінің жауынгері аға сержант Қуанышбек Каиров ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен «Ерлігі үшін» медәлімен марапатталды.

Ұландық жауынгерлеріміз елдегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтауда кірпік қақпай қызмет атқарып келеді, арада айтылған мысалдар осыған дәлел.

Әскери қызметшілеріміздің мықты әскери ұжымы, қырағылық үлгісі, спорттағы және шығармашылықтағы биік белестері – мұның барлығы Ұлттық ұлан сапындағы қызметтің шынымен де нағыз отансүйгіштік пен ерлікке тәрбиелейтін мектеп екендігі сөзсіз.

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері антқа адал, сертіне берік. Олар күнделікті өздеріне жүктелген қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындап, қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмекке келеді, мемлекетке қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алады.       

Ұлттық ұлан басшылығы жас буынның патриоттық тәрбиесіне көңіл аударуды ұмытқан емес.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу – біздің ұлттық мұратымыз!

Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз халқымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жасай берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, отбастарыңызға құт-береке, кәсіби еңбекте табыс және мызғымас тәртіп, ел алдындағы міндетімізді орындауда сарқылмас күш тілеймін!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбеков.