Бас тақырыпРесми

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді Ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – 5 қыркүйекке орайластырылған Қазақстан халқының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тілдерді білу – бұл мәдениеттердің көптүрлілігін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар, ойлау мен ой-өрісті кеңейтудің құралы.

Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында облысымыз­да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілге деген сұраныстың өсуіне сәйкес, тілдерді оқыту шаралары аймағымызда бір жолға қойылып, бүгінгі таңда облыс көлемінде жыл сайын үш жарым мыңнан аса адам тегін тіл оқыту курстарымен қамтылуда. Аймағымыз­да қазақ тілінде тәлім-тәрбие, білім беретін балабақшалар мен мектептердің саны жыл сайын артып келеді. Көптеген елді мекендеріміздің тарихи атаулары қайтарылып, ономастикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс халқының тіл мәдениетін көтеруге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, ұлыларымызды ұлықтауға бағытталған республикалық, облыс­тық деңгейдегі байқаулар, семинарлар, ақпараттық-насихаттау шаралары тұрақты түрде өткізілуде.

Сондықтан, өңіріміздегі тіл саясатын жүзеге асыру ісін­де айрықша еңбек етіп жүр­ген азаматтарға зор алғыс біл­діреміз.
Мемлекеттік тілдің этно­с­аралық беделі мен бел­сен­ді­лігін арттырудағы ор­­тақ ісі­мізге сәттілік, от­басы­ла­ры­ңызға амандық ті­лейміз! Тәуелсіздігіміз тұғыр­лы, тіліміз ғұ­мырлы болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button