Құрметті облыс тұрғындары!

Құрметті облыс тұрғындары!
Қазақстан халқының бірлігі – мағынасы бойынша ең ауқымды мемлекеттік мереке. Бұл – мемлекеттің, Қазақстан тарихының, еңбектің, бейбітшілік пен ұлт­аралық келісімнің күні.
Қазақстан 120 ұлыс өкілдерінің туған үйіне айналды. Сондай-ақ, бұл мереке бізге бірлік пен ынтымақтастықтың қажеттілігін, күшімізді жұмылдырғанда ғана елімізде шынайы өзгерістерге қол жеткізе алатындығымызды, шынымен мықты әрі өркендеуші елдер қатарына қосыла алатындығымызды тағы бір еске салады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде бейбітшілікті сақтауға ерекше мән беріп келеді. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді» деп атап көрсетті Президентіміз.
Бүгінгі күні бірлік пен азаматтық ынтымақтастық – қазақстандықтардың күші мен болашағы, бұл – жаңғырған табысты қоғамы бар болашаққа апаратын даңғыл жол. Біз, Қарағанды облысының тұрғындары, әр түрлі мамандық иелері, әр түрлі ұлттың, діни сенім өкілдері өңірдің гүлденуі мен табыстылығы үшін бірге еңбек етудеміз, дәстүрлерімізді, бай мәдени және рухани мұрамызды сақтап келеміз. Мұндай тұтастық пен сабақтастық сенімді түрде даму мен қарышты қадам үшін берік негіз. Біз күшімізді жұмылдыра отырып, еліміздің болашағын жасаймыз.
Республикамыздың дамуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосуда. Ассамблеяның, барлық этномәдени бірлестіктердің еңбегі арқылы елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, сенімнің, ынтымақтастықтың және өзара келісімнің атмосферасы қалыптасты.
Қадірлі жерлестер!
Халықтар достығы – бізге ата-бабаларымыздан мұра болып қалған аса құнды игілік. Оны сақтап, көбейтіп, болашақ ұрпаққа табыстау – біздің ауқымды мақсатымыз бен стартегиялық міндетіміз.
Сіздерге мықты денсаулық, табыс және бақыт тілей отырып, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға, Қазақстанның және Қарағанды облысының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!

Е.ҚОШАНОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
С.ӨТЕШОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.