Бас тақырып

Құрметті металлургтер және сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Металлургия біздің өңірдің және тұтастай алғанда елдің экономикасын дамытудың негізгі салаларының бірі болып табылады. Металлургия өнеркәсібінің тұрақты дамуы алдымызда тұрған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді.

Сурет ogbmagnitka.ru

Кәсіби мерекеге орай біз осы салада еңбектеніп келе жатқан азаматтарға, отандық металлургияның дамуына баға жетпес үлес қосқан сала ардагерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бұл қатарда доменшілер, болат балқытушылар, прокатшылар, құюшылар мен темір ұсталары, кеншілер және қызметі осы саламен тығыз байланысты басқа да мамандық иелері бар. Халық бұл саланың өкілдерін «Отты мамандық иелері» деп тегін айтпаса керек. Олардың еңбекқорлығы мен қажыр-қайраты біз үшін батылдық пен таңдаған мамандыққа деген адалдықтың үлгісі екені анық.

Біз сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық бақыт және жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button