Ресми

Аймақ басшысы Е.Бөлекпаевтың құттықтауы

Құрметті әйелдер қауымы!

Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз сүйікті аналарымыз бен аяулы жарларымызға, қыздарымыз бен әпке-қарындастарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Бүгінде Қарағанды облысында әйелдер қауымы түрлі салаларда еңбек етіп, еліміздің дамуына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, сіздер отбасында ошағымыздың отын өшірмей, сақтап, балаларымызға тәрбие бере отырып, мемлекетіміздің болашағына баға жетпес үлес қосып келесіздер. Дана халқымыз «Жақсы әйел – үйдің ырысы» деп тегін айтпаған. Біз сіздерді жақын адамдарымызға қамқорлық танытатындарыңыз үшін жоғары бағалаймыз. Сіздер өздеріңіз таңдаған салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, әр уақытта ізденіс пен қызу еңбектің ортасында жүресіздер. Сіздер даналықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз, ішкі сұлулықтарыңыз арқылы біздің өмірімізге мән-мағына сыйлап, оны жылылыққа толтырасыздар. Біз сіздерге шын жүректен зор денсаулық пен бақ-береке, бақыт және амандық тілейміз!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button