Бас тақырып

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаздар қауымы күн сайын жас ұрпаққа білім нұрын сеуіп, өздерінің жанқиярлық еңбегімен ұрпақты тәрбиелеп, олардың білімге деген сүйіспеншілігін оятады. Осы арқылы олар еліміздің болашағын құру ісіне атсалысады. Дана халқымыз «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деп бекер айтпаған.

Бүгінгі таңда біздің облыста және жалпы елімізде білім беру жүйесін дамытуға және ұстаздарымыздың мәртебесін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде. Жаңа мектептер салынып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдайлар жасалуда. Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарында 2025 жылға дейін 18 жайлы мектепті салу жоспарлануда. Бүгінде 10 білім ордасын салу жұмыстары басталды.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің еңбектеріңіз Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен болашағымен тығыз байланысты. Өз қызметтеріңізде сіздер жас ұрпақты адамгершілікке және азаматтық жауапкершілікке баулып, ертеңгі жарқын болашағымызға үлес қосасыздар. Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шығармашылық табыс тілейміз! Сіздер тәрбиелеген шәкірттер еліміздің лайықты азаматтарына айналсын.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button