Ресми

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл күні қоғамның игілігі үшін күндіз-түні еңбек етіп жүрген телерадио, баспа басылымдары, полиграфия және байланыс саласы қызметкерлеріне шынайы құрмет көрсетеміз.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен объективті ұстанымдарыңыз елде болып жатқан маңызды оқиғаларды қоғамның дұрыс қабылдауына ықпал етеді. Қазір елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік өзгерістер туралы ақпаратты азаматтарға дұрыс және шынайы жеткізу маңызды.

Қарағанды облысы журналистикасының кәсіби деңгейі жоғары. Журналистер күн сайын өңірдегі жаңалықтар туралы жазып, газет шығарып, сол арқылы өлкенің, елдің тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде. Олар өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып, өзекті мәселелерді ортаға салып, олардың шешімін табуына, қоғамды одан әрі дамытуға атсалысуда. Ақпарат құралдары жұмысының арқасында біз шешуді қажет ететін өзекті мәселелер туралы білеміз.

Бүгінгі таңда облысымызда 188 түрлі ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс істеуде. Онда 3000-нан астам адам еңбек етеді. Барлық байланыс және ақпарат қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі мен мамандығына адалдығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық пен береке және шығармашылық табыс тілейміз!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button