Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінде облысымыздың агроөнеркәсіптік кешені қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы орын алған қиындықтарға қарамастан, алға қойылған міндеттер толығымен орындалды. Аймағымыз егін жинау науқанын ойдағыдай өткізіп, диқандарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында 1 миллион тоннадан астам астық бастырылып, 270 мың тоннадан астам картоп пен 53 мың тонна көкөніс жиналды.
Сонымен қатар, мал өсірушілер мен өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері де өздерінің кәсіби мерекелерін лайықты жетістіктермен қарсы алып отыр. Мал басының өсуі есебінен ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің көлемі де артуда. Бұл күнде өңірімізде бордақылау алаңдары табысты жұмыс жасап, сондайақ, жаңа асыл тұқымды шаруашылықтар мен сүт-тауар фермалары құрылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау шаралары да ықпал етуде.
Жалпы алғанда, биылғы жыл табысты аяқталды. Осы салада еңбек етіп келе жатқан еңбеккерлердің жетістіктері Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Осы ретте ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен олардың ізін басып келе жатқан барша азаматтарға ел алдындағы еңбектері үшін алғыс білдіреміз.
Құрметті ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері!
Сіздердің тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз алдағы уақытта да өңіріміздің агроөнеркәсіптік кешені әлеуетінің өсуіне ықпал етеді деп сенеміз. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, барлығыңызға зор денсаулық пен бақ-береке, Отанымыздың гүлденуіне бағытталған еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Жеңіс ҚАСЫМБЕК,
Қарағанды облысының әкімі.
Серік ӨТЕШОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.