Ресми

Құрметті қарағандылықтар және қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді, Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

15 қараша – барша Қазақстан үшін ерекше маңызға ие тарихи күн. Бұл күні еліміздің экономикалық дербестігінің символы болып табылатын ұлттық валюта айналымға енгізілді.

Сондай-ақ, бұл күні қаржы жүйесінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Олардың алдында күн сайын бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту, тапшылықты қысқарту сынды күрделі міндеттер тұр.

Қаржы органдары экономикалық жүйені нығайту мен дамытуда маңызды роль атқарады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Қаржыгер мамандығы адамнан үлкен жауапкершілік пен тәуекелдерді бағалай білуді талап етеді.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында қар­жы жүйесі алдағы уақытта да біздің облысымыздың дамуы мен тұрғындарымыздың әл-ауқатының артуына ықпал ететініне сенімдіміз.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, барлығыңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт және амандық, қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Ж.ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

С.ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button