Ресми
Құрметті қарағандылықтар!
Биыл біз елордамыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде Астана қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналды. Оның құрылысына қарағандылықтар да қатысып, өз үлестерін қосты. Олардың еңбегінің арқасында батыл сәулеттік шешімдер жүзеге асырылды. Бүгінде елордамызда бой көтерген көптеген сәулеттік нысандар еліміздің визиттік карточкасына айналды.
Біз сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыңызға зор денсаулық, амандық, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілейміз! Тәуелсіз еліміздің ас- танасы жасай берсін!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы