Жаңалықтар

Құрметті қарағандылықтар!

     Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.

    Ескі жылдың есіркеуі мен жаңа жылдың жарылқауын тілеп отыратын қазақ халқы үшін әрбір жылдың орны ерекше. Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның даму жолындағы жасампаз жаңалықтарымен жазылып келеді. Еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстары тек береке мен бірліктің арқасында екені баршаға аян. Өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстан қарыштап алға басты. Халқымыздың өз тәуелсіздігін сақтауға, нығайтуға белінің бекем екендігін байқатты.

   Егеменді еліміздің тарихындағы биылғы ең елеулі оқиғасы ол – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап айтқымыз келеді.

    Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, бірлігі мықты қазақстандықтар әлемдік деңгейде құрмет пен беделге ие болған, қарқынды дамыған мемлекет қалыптастырды. Бүгінгі күні Отанымыздың гүлдену жолын – жасампаз еңбек, өзіңе және болашаққа деген сенімділік, тұрақтылық деп толықтай айта аламыз.

   Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан, тек алға!» атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз», – деп атап айтқан болатын.

    Қоғамдағы саяси тұрақтылық және халықтардың шынайы достығы біздің барлық табыстарымыздың кепілі болды.

    Отансүйгіштік қасиеттер мен ұлттық құндылықтарымыз биік идеал мен асыл мұраттарымыздың орындалуына зор күш берді.

   Сондықтан алға қойған жаңа мақсаттарымызды орындауға халқымыздың бай тәжірибесі, ынтымағы мен бірлігі ең басты кепіл болатыны анық.

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

   Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

  Қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы – жаңа бастамалардың бастамасына айналсын. Ал, екі мың он жетінші жыл, халқымызға тыныштық пен сәттілік, Қазақстанның әрбір жанұясына амандық, саулық ала келсін.

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button